Ең керемет жұп: 18 жастағы жігіт бітіру кешіне анасын шақырған (фото)
18 жастағы Нассир Нбл өміріндегі ерекше жанға бітіру кешіне бірге бару туралы өтініш жасағанда, ол адам бірнеше секунд бойы өз құлағына өзі сене алмаған.
«Бұл мен үшін үлкен құрмет!» – деп жауап берген анасы ұлының ұсынысына.
Нассирдың анасы Фатима 18 жаста болған кезде, өзінің бітіру кешіне бара алмаған. Себебі жас қыз екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеген және отбасында ақша мәселесі болған. Сондықтан, бүгінде мектеп бітіріп жатқан Нассир анасының арманын орындауға мүмкіндік алып, осы сәтті құры жіберіп алмауды шешті.
«Маған бітіру кешіне бара алмағаныңызды айтқан едіңіз. Сол уақытта мен алты айлық сәби болғанмын. Сіз бітіру кешіне кететін ақшаға пәтер алғанды дұрыс деп шешіп, бара алмадыңыз»,-дейді Нассир Нбл анасына.
Instagram-да бұл әңгімені баяндаған Фатима ұлын дұрыс тәрбиеленіне көз жетті.
«Сол сәтте мен оның тәрбиесімен жақсы айналысқанымды түсіндім»,-дейді Фатима.
Фатима мен Нассир бітірушілерге арналған кешке келгенде, бәрінің назары тек соларға ауды. Олардың бітіру кешінде түскен фотосуреттері желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.
Тағы оқыңыз:
Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған
Үндістер тайпа емшісінің қазасы үшін канадалық азаматты қинап өлтірген
Турбуленттік аймаққа түскен ұшақ терезесі ұшып кетті (видео)
Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)