Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Ұлыбританияның Болтон қаласында 41 жастағы Шимми Муншидің сырт келбеті қанша уақыт өтсе де өзгермеген. Дәл осы себепті Шиммиді ересек ұлымен бірге көрген адамдар оны анасы емес, сүйіктісі деп ойлайды екен.

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шимми 20 жасында ұлы Аминді дүниеге әкелгеннен кейін, ол сәбиі мен жұмысын қатар алып жүрген. Себебі ол – жалғызбасты ана. Мұндай ауыртпашылық әйелдің сырт келбетіне де әсер етуі тиіс еді. алайда барлығы керісінше болып, Шимми мүлдем өзгермеген.

Шиммидің қанша уақыт өтсе де қартаймағанын жақындары мен достары да байқаған.

«Олар менен құпиямды ашуымды талап ете бастады. Бірақ ешқандай құпиям жоқ. Ота жасатқан емеспін. Ал терімді күту үшін қолданған құралдар – балаларға арналған дымлық майлық пен теріні ылғалдандыратын иісмай. Мен қашан да жас көрінетінмін. Достарым қартая бастағанда, менде керісінше жағдай орын алды. Алайда мен мұның себебін білмеймін. Өзімді Питер Пэннің әйел түріндегі нұсқасы, яғни ешқашан есеймейтін қыз сияқты сезінемін», – дейді Шимми.

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Бәлкім Шиммидің құпиясы салауатты өмір салтын ұстануы мен генінде болар. Оның ата-анасы да өз жасынан жас көрінеді. Сонымен қатар әйел ішімдік ішпейді, шылым шекпейді, оның орынан көп мөлшерде су мен көк шай ішіп, спортпен шұғылданады.

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Шиммидің сөзінше, көпшілік оны Аминнің сүйіктісі немесе әпкесі ретінде қабылдайтын жағда жиі орын алады. Тіпті, ұлы мектеп бітіру кешінде анасымен бірге келгендіктен, бойжеткендер Шиммиді Аминнің анасы деп ойлап, сыныптастарынан бойын аулақ ұстапты.

«Ол жасөсіпірім кезінде көпшіліктің бұлайша назар аударғанын ұнатпайтын. Қазір көндікті», – дейді Шимми.

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Бұл оқиғаның бір ерекшелігі, Шимми гастропарез дертінен зардап шегеді. Бұрын оның асқазаны мен қуығы істен шығып, жарамсыз болып қалғандықтан, жасанды импланттардың орнату бойынша ота жасалған. Аталған импланттар әйелдің іш құрлысының жұмысын ынталандырады. Алайда бұл жағдайдың өзі Шиммидің сырт келбетіне мүлдем әсер етпеген.

Оқи отырыңыз:

Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі үшін ашуланып, талып қалды (фото)

Анасы жаңа туған сәбиін ұшақта танысқан бейтаныс әйелге бере салған (фото)

Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллар көлеміндегі ақшасы қолды болды

Әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар