Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллар көлеміндегі ақшасы қолды болды

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы мешітте жергілікті кәсіпкердің шамамен 40 мың доллары ұрланған. Құқықорғау органдары екі күдіктіні қолға түсірді.

Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллар ақшасы қолды болды

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласының ішкі істер басқармасына жергілікті бір кәсіпкер 38,7 мың доллары (12 млн теңгеден аса) ұрланғаны туралы шағым түсірген. Ақша қол сөмкеде болған.

“Жәбірленуші ақша салынған қол сөмкесін жергілікті мешіттердің біріндегі жуынатын бөлмеде тастап кеткен. Қайтып келіп, сөмкенің ұрланғанын білген”, – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметі бойынша, шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде екі күдікті – Бұхара облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Ұрлық жасаушы бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды

Үлкен жүректі кішкентай жігіт: Головкиннің досы, актер Верн Тройер дүниеден озды (фото)

Камералар көлік тізгіндеген кезде әлеуметтік желілерде отырған жүргізушілерді іздейтін болады

Мәскеуде сұрапыл дауыл соғып, салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар