Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен жүректі кішкентай жігіт: Головкиннің досы, актер Верн Тройер дүниеден озды (фото)

Америкалық танымал актер Верн Тройер 49 жасында қайтыс болды.

Верн Тройер

Сурет: ANNE-CHRISTINE POUJOULAT

Бұл туралы TMZ басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым ақпаратынша, актер бір ай бұрын ауруханаға түскен. Ол ішімдіктен уланғандықтан, өмір сүруін қолдайтын аппарат қосылған. Хабарланғандай, актер бірнеше жыл бойы ішімдікке тәуелділікпен күресіпті.

«Мен бокстың үлкен жанкүйері, Головкиннің досы Верн Тройердің өліміне қатты қайғырып отырмын», – деп жазды Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Twitter желісіндегі парақшасында.

 

Сонымен қатар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де актердің өліміне қайғырып көңіл айтты.

«Үлкен жүректі кішкентай жігіт Верн Тройердің өлімі туралы есту қиынға соқты. Жаның тыныш болсын, достым», – деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Оқи отырыңыз:

Камералар көлік тізгіндеген кезде әлеуметтік желілерде отырған жүргізушілерді іздейтін болады

Мәскеуде сұрапыл дауыл соғып, салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды (видео)

Күнде қарт анасын арқалап жүретін қырғыз қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жағажайларда күнге күюден қорғайтын иісмайларға тыйым салынатын болады

Талқылау