Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалықтар отбасылық мерекеден кейін жаппай вирус жұқтыруда

Нұр-Сұлтанда күн сайын коронавирус инфекциясының "отбасылық" ошақтары анықталуда. Адамдардың көпшілігі тойдан кейін вирус жұқтырып жатқаны туралы Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын адамдардың ұқыпсыз әрекеттері қарт адамдар, балалар мен жүкті әйелдерге кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. 

"Отбасылық шаралар, тойлар өткізуге болмайды", - деп кесіп айтты Мұрат Оразбаев.

Маманның сөзінше Елордадағы коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі бір отбасының адамдары. Олар өз іштерінде отбасылық жиын жасап, аурудың таралуын көбейтіп жатыр дейді. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан жедел жәрдемі шақыртуларға не себепті кешігіп барып жатқандарын түсіндірген

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 11:49
Талқылау