Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таңнан кешке дейін билейді": "Елордалық бойжеткеннің әрекеті желі қолданушыларының талқысына түсті (видео)

Нұр-Сұлтанда көшенінің қақ ортасына тұрып билейтін бойжеткен жұртты таңғалдырды. Елордалық қыздың биі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

биші қыз

Бойжеткеннің биі желіде қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде таралған жазбаның астында видеодағы қыз өз әрекетін түсіндіріп өтті. 

“Сіздерге күлкі сыйлау үшін билеп жүрмін”, – деп жазады Аида есімді бойжеткен. 

Видео авторының сөзінше, бойжеткен таң атқаннан кеш батқанға дейін жолдың шетіне тұрып алып билейді екен. 

“Міне, әлі билеп тұр. Қазір көліктер дауыс сигналдарын басады”, – дейді ол. 

Дегенмен, елорда тұрғынының бұл әрекеті әлдекімге жақпаған секілді: ол биші қыз туралы полиция хабар берген. 

“5 тамызда 102 каналына Керей мен Жәнібек хандары және Мәңгілік Ел көшесінің қиылысында үш сағат бойы билеп тұрған бойжеткен жайлы хабар келіп түсті. Полицейлер онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – деді қалалық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына себепкер болмау үшін бұлай жасаудың қажеті жоқ екенін жеткізді. 

Талқылау