Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

11 сәуірде Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні - секундына 23-28 метр.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

11-13 сәуірде Жамбыл облысында тұман мен найзағай күтіледі, 12 сәуірде түнде және таңертең желдің екпіні 25 м/с болады.

Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжануда. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - секундына 18 метр.

11-12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 10 Сәуір, 2021 17:42
Талқылау