Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігі "қызыл" аймақта қалып қойды

Қазақстанда 10 облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

"Сары аймақта" Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстары орналасқан.

Айта кетейік, Қостанай облысы бүгін "жасылдан" "сары" аймаққа өтті.

"Жасыл" аймақта тек Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 22 Сәуір, 2021 09:09
Талқылау