Еліміздегі Парламент сайлауына қатысқан партиялардың басшылары саяси науқан жайлы пікір білдірді
ҚР Парламент мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын сайлауына түскен партиялардың басшылары саяси науқаннан кейінгі пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан халқын сәтті өткен сайлаумен құттықтап, саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді.
"Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинап алды. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, еліміздің демократияландыруына өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және де мен барша "AQ JOL" партиясы үшін дауыс берушілерге өз алығысымды білдіргім келеді. Біз партиямызға көрсеткен сенімді, әрине ақтауға тырысамыз. Оған еш күмән болмасын және де біздің әріптестеріміз басқа да партиялар көсемдерін, Тұңғыш Президентімізді құттықтағым келеді. Осы партияның сәтті өткенімен", - деді "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Exit Poll нәтижесі бойынша сайлауда 9,03 пайыз дауыс жинаған Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге партияларға сәттілік тіледі.
"Сайлауалды науқан кезінде депутаттыққа үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиыншылық пен кедергі болған жоқ. Экзит-пол нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіремін", - деді Қоңыров.
"ADAL" партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали берген уәделерін орындайтынын атап өтті.
"Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәдесін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзит-пол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша Nur Otan партиясы бірінші орында келе жатыр. Сондықтан өзім Nur Otan партиясын құттықтаймын", - деді Серік Сұлтанғали.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев та қазақстандықтарға алғыс айтты.
"Ауыл" партиясын қолдаған, ауыл партиясына тілеулес болған барлық сайлаушыға ризашылығымызды білдіріп, басымызды игіміз келеді. Бізді қолдаған азаматтарға, аудандық облыстық өңірлік және республикалық штабында жұмыс істеген әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Шынында көп жұмыс атқарылды. Сайлау біз үшін өте үлкен сабақ болды. Өте үлкен тәжірибе болды. Сайлау біздің еліміздің өркендеуі жолында жинақтаған тағы да бір жұмыс болды деп айтуымызға болады", - деді Әли Бектаев.
Бұған дейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтағаны айтылған еді.
Айта кетейік, "Қоғамдық пікір" зерттеу институты жариялаған Exit Poll нәтижесінде ҚР Парламент мәжілісіне үш партия, Nur Otan, Қазақстан халық партиясы және "Ақ жол" партиялары жолдама алғаны белгілі болды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
