Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде тасқын су басу қаупі бар аймақтар аталды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тасқын

"Биыл 2015, 2017 жылдардағыдай тасқын қаупі жоқ. Бірақ температураның күрт артып, жауын-шашынның жиілеуі Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ішінара су басу оқиғалары болуы мүмкін

"Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында қар толығымен еріп кетті. Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының жазық жерлерінде түгелдей еріді. Дегенмен жазық өңірлерде тасқын қаупі тек көктемде туындаса, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы бөліктерінде тасқын қаупі қар еріген кезде және қатты жауын болған кезде күшейеді" , - деді министр орынбасары. 


Көктемгі су тасқынымен күресуге министрлік қанша қаржы жұмсамақ 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр