Елімізде рейдерлік басып алумен шұғылданған топ екі айға қамалды
2022 ж. 14 шілдеде Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталған топ өкілдерін 15 шілдеде екі айға қамау туралы бұлтартпас шарасы тағайындалды.
“Қамауға алынғандар арасында Танашев Тимур Сержанұлы (1983 жылы туған), Бабаев Рауан Тимурұлы (1992 жылы туған), Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы (1990 жылы туған), Абижанов Дастан Мәдиұлы, (1977 жылы туған)”, – делінген Қаржылық мониторинг агенттігі ұсынған хабарламада
Бұдан бөлек сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.
Сонымен қатар Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен шұғылданған топты ұстағаны туралы хабарлаған едік.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
