Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгілі кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен тартып алған қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен шұғылданған топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

топ
Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Қазіргі уақытта Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

“Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар.  Сонымен қатар аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған, кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған”, – делінген департамент ұсынған хабарламада. 

Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Талқылау