Елімізде балаларын аяусыз соққыға жығатын ата-аналар неге көбейді?
Бала тәрбиесіндегі ағаттық. Еліміздегі ата-аналардың 75 пайызы баласын ұрып-соғатынын мойындаған. Жаға ұстатарлық статистиканы мамандар да растап отыр. Айтуларынша, елімізде жыл санап балаларға көрсетілетін қатыгездік саны көбеюде.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Әлемде 2-4 жас аралығындағы балалардың төрттен үш бөлігі, яғни шамамамен 300 миллионы, өз үйінде психологиялық агрессияға және дене жазалауына тап болады. Ал, 1 жасар 10 баланың 6-уы жүйелі түрде күштеп тәртіпке салынады. Әрбір үшінші сәбиді үйінде ата-анасы ұрып-соғады екен. Ал, 5 жасқа толмаған 177 миллион бала өгей әкесінен зорлық-зомбылық көреді Біздің елде де жағдай мәз емес.
Мәселен, Біріккен Ұлттары ұйымының балалар қоры жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2017 жылы бір жасар балалардың 50 пайызы ата-анасынан зорлық көрген. Ал 9 жасқа дейінгі балалардың 58 пайызын ересектер қамшының астына алған. Бұл санды мамандар да растап отыр. «Біздің зерттеу жұмыстарына жүздеген мамандар мен ата-аналар қатысты. 14 облыс бойынша сауаланма жүргізіп, жұмыс жасадық. Нәтижесінде тұрғындардың 75 пайызы балаларына қол жұмсағанын растап отыр. Тіпті, олар оны дұрыс деп есептейді. Ал бесіктен белі шықпаған балалардың тең жартысы күнделікті ата-анасынан психологиялық тұрғыдан қысым көреді.Қазір, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту бойынша түрлі іс-шараларды қолға алып, барынша жұмыс жасап жатырмыз» – дейді ҚР БҰҰ Балалар қорының өкілі Юрий Оксомитный.
Жаға ұстатарлық статистика бұлай сөйлегенімен, халықтың баланы тәртіпке салудағы пікірі мүлдем бөлек болып шықты. Айтуларныша, қазір балаларға қол көтермек түгілі, дауыс көтеруге болмайды. Себебі, бүгінгі сәбилердің психологиясы мүлдем басқаша .
«Бала кезімізде қамшының астында жаттық десекте болады, әкеміз қамшымен қорқытатын шыны керек. Бірақ қазіргі балаларды олай қорқыта алмайсын шыны керек». «Қазіргі заманда баланың психологиясы, енді түсінігі басқаша». «Мен нақты енді жауап бере алмаймын, бірақ мені көбінесе анам тәрбиелеген». «Мені қуанышқа қарай алған жоқ қамшының астына, еркін тәрбиеледі. Сондықтан да енді мен өз балаларынмды қамшының астына алып, ұрып-соғып ондай болмайды деп ойлаймын». Десе де елімізде жұртты дүрліктірген зорлық-зомбылық фактілері шаш етектен. Ең соңғы тіркелген жағдай, тіпті сұмдық. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 6 жасар баласын өлімші етіп сабаған. Анасының қатты соқысынан бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. «Күдікті ана Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу амалдары қазір жүргізіліп жатыр» – Сайрам ауданы әкімдігі аппаратының баспасөз хатшысы Дәурен Болыс.
Ал психолгтар қол жұмсаудың тәнге ғана емес, жанға да әсері барын айтады. Себебі, үйінде психологиялық қысым көріп өскен ұрпақ, болашақта қатыгез болып өседі. Сондықтанда, мейілінше балаға мәселені қарапайым сөзбен жеткізген дұрыс дейді. «Отбасында ереже болу керек. Баланы тәрбиелеу мақсатында, және түзету мақсатында соған бір шара қолдану мақсатында, жазалау мақсатында қолданылатын арнайы бірлесіп шешілген ереже, сонымен қатар баланы дұрыс жолға қою, тәрбиелеу, жазалау шаралары бірлесіп, келісілген түрде жүзеге асу керек» – дейді психолог Камила Күзембаева.
Осылайша, мамандар балаға жекіп ұрсу, шапалақпен ұру, дауыс көтеру де зорлықпен тең дейді. Ал бейкүнә сәбилерді аяусыз соққыға жығу, қол көтеріп, тепкілеу баланың тұлғалық қасиетіне, өмірлік ұстаныма кері әсерін тигізіп қана қоймай, болашағына балта шабуы әбден мүмкін екенін айтады.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды
ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен
Қарағанды облысында әкімдік есепшісі жұмысқа бармай-ақ жалақы алып жүрген
Ақтөбе облысында ата-аналары орамал тағатын оқушыларды Ресейде ақылы түрде оқытпақ