ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысында өзге діннен бақыт іздеген отбасы тентіреп далада қалды. «Иегова куәгерлері» бірлестігіне мүшелікке енген отанасы жанұясына тиесілі баспананы сектантарға сыйлап жіберген көрінеді.

Соның салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасып, екі жақты өмір сүруге тура келген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Егер сен ана діннен шықсаң бар ғо, бәрін жасаймын. Тізерлеп тапсам да табамын». Бұл күйеуінің әйеліне айтқан сөздері. Сайрам ауданының тұрғындары Дүйсенбековтер отбасында үш жылдан бері береке жоқ. Отағасы Нұрсейіттің айтуынша, жұбайы Эльвира «Иегова куәгерлері» қатарына мүшелікке еніп кеткен. Содан бері, шаңырақта үнемі ұрыс шығады екен. Болмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Оған отағасы діншілдерді кінәлап отыр. Енді әйелімді арбап, үйді де тартып алды,-дейді.

«Өздерінің кітаптарын оқиды. Отызыншы январь күні ажырасуыма тура келді. Мені де осы дінге тартқан еді мен қарсы болдым» – дейді Сайрам ауданының тұрғыны Нұрсейіт Дүйсенбеков. Күйеуінің сөзін отанасы жоққа шығармайды және жат ағымның жетегінде жүргенін өзі дұрыс деп санайды. Бірақ, отбасының шырқы бұзылғанын өзі сенген дінге еш қатысы жоқ, дейді. «Барлығын құдай туралы айтып жатқан соң мен олардың дұрыс деп ойлаймын. Біздің дін басылар өздерімен өздері жүріп үй ме үй жүріп құдай туралы айтпайды. Ал олар барлығын түсіндіріп тәурәт, Інжіл, забур кітаптарынан және олардың білімдері кітапқа негізделген» – дейді жұбайы Эльвира Қараева.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ақсукент ауылында «Иегова куәгерлері» ұйымына 59 адам мүшелікті қабылданыпты. Және олардың қатары жылдан жылға артып келеді,-дейді мамандар. «Осы діни бірлестіктің қызметі туралы оның заңсыз іс әрекеттері бойынша бірқатар арыз шағымдар аудандық ішкі істер басқармасын аудан әкіміне түсіп отыр» – дейді Сайрам аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жақсыбеков. Қазір, Нұрсейіт Дүйсенбековтың кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы жұбайының қолында тәрбиеленіп жатыр. Ал, өзі туыстарының үйін жағалап жүр.

Тағы да оқыңыз:

Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді

Оралда түрмедегі жазасын өтеуші асылып қалды

Ақтөбе облысында ата-аналары орамал тағатын оқушыларды Ресейде ақылы түрде оқытпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар