Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әдеттегідей Тәуелсіздік мерекесін емес, Жаңа жылды тойлау басталып кетті

Тәуелсіздік күні тағы да мансұқталуда. Желтоқсан айы басталысымен жылдағыдай еліміздегі ірі мегаполистер жаңа жылдық дайындыққа қызу кірісіп кетті. Алматылықтар Аяз ата мен ақшақарлардың шеруін ұйымдастырып мәз-мейрам болса, елордалықтар басқаны айтпағанда, егемендіктің символы саналатын «Қазақ елі» монументінің қасында шырша орнатып әлек.

Елімізде әдеттегідей Тәуелсіздік мерекесін емес, Жаңа жылды тойлау басталып кетті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сонда Жаңа жыл Тәуелсіздіктен қымбат болғаны ма? Жылда қайталанатын олқылықтың жыры қашан бітеді?  

Шырша, Аяз ата, ақшақар! Оңтүстік астанада Жаңа жыл әдеттегідей желтоқсанның 1-нен басталды. Мыңнан астам Аяз ата мен ақшақардың келуіне Алматының сынап бағанасындағы «+10» градус та кедергі келтірмеген. Жаңа жылдық мерекені бәрі асыға күткен тәрізді.

«Бүгінгі шараға қатысқандардың қатарында балалар көп болды. Барлығы да керемет дайындалған. Костюмдерінен бастап, жаттаған тақпақтарына дейін. Жалпы бәрі өте жоғары деңгейде өтті. Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!», - Саят Жақыпбаев. 

Бұл шара Тәуелсіздік мерекесінің алдында бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Қарсы шыққандар әлі болмапты, керісінше жыл сайын қатысам деушілердің қатары артып  барады екен. Басты ұран: «Жаңа жыл бір күн ғана емес, бір ай бойы тойлануы тиіс!».   

Алайда алматылықтарға ренжігеннен не пайда? Бас қаламыздың өзі оңып тұрғаны шамалы. Желтоқсан айы басталысымен әкімдік шаһарды шыршалармен безендіріп бастады. Тәуелсіздік күнін ұмытпадық деген ең болмағанда бірде-бір билборд та көрінбейді жақын маңда.

Сонда Жаңа жылдың Тәуелсіздіктен қымбат болғаны ма? Бас қаланы аралап, жағдайды саралағаннан, ойға түйіп, түсінгеніміз мынау.  Сауда орталықтарын айтпағанда, еліміздегі белді жоғары оқу орындарының өзі Жаңа жылға дайындалып әлек. Бірақ, ол - ол ма?

Тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сарайы. Тәуелсіздіктің символы саналатын «Қазақ елі» монументі. Егемендіктің иісі аңқыған бұл жерде де жаңа жылға қызу дайындық.   

«Адам қай мерекені тойлағысы келеді, ол оның өз еркі. Бірақ, оны адамның санасына жеткізу, ол - идеология. Сондықтан Тәуелсіздік мерекесін, тәуелсіздік жолында жанын берген, егемендік жолында жанын берген тәуелсіздік ұландарын еске алу күні болу керек секілді. Мүмкін сол кезде егемендіктің бізге қандай қиындықпен келгенін көріп, еске алған кезде, біз осындай дарақылықты тоқтатар ме едік?», - деді блогер Алмас Тоқабаев.

Алайда, оның ауылы әлі алыс сияқты. Өйткені, қыс басталысымен халықтың ойлайтыны Қайрат пенен Ләззаттардың ерлігі емес, Аяз ата мен ақшақардың сыйлығы.   

«Ауа-райына байланысты қатты көрінбейді да, бірақ адамдардың жүздеріне қарасаң сезіліп жатыр жаңа жыл»

«Балалар күтеді, балалармен бірге біз де күтеміз. Үйді безендіріп, шырша қойдық», - дейді тұрғындар.

Шырша қойдық дегеннен шығады. Халықты айтпағанда, қала-қаламен, аудан-ауданмен, ауылың бар, бәрі бір-бірімен бәсекеге түседі ғой осындайда. Жаңа жылдық атмосфера үшін бірі миллиондап, өзгесі миллиардап шығындалуға дайын.

Ал  тәуелсіздіктің 28-желтоқсаны жақындап қалғанын, бірлі-екілі жерде ілінген билбордтар ғана еске салып қоятындай.  


Тәуелсіздік туралы үздік 10 өлең

Талқылау