Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрілік заттар таңбаланады

Қазақстанда 2024 жылы 1 шілдеден бастап өндірілген препараттар ғана таңбаланатын болды. Өзгерістер үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Тиісті өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйектегі үкімет қаулысына енгізіліп жатыр. Бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын есепке алу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын нақтылауға мүмкіндік береді.



Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 383 көтерме қойманың 287-сі қажет жабдықтармен жабдықталған. 15 өңірде тексеріс жүргізілді. Жақын арада қалған 5 өңірге шығу қарастырылып отыр.

“Жалпы елімізде цифрлық таңбалауды енгізудің оң серпіні байқалады: Қазақстанға аяқкиімнің ресми (анықталған) импорты 2019 жылы 39,5 миллион жұптан 2023 жылға қарай 54,5 миллион жұпқа дейін өсті. Бизнеске аяқкиімнің қалдықтарын белгілеу үшін үш жылға жуық өтпелі кезең берілді (2021 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін). Сонымен қатар кеден қоймаларының аяқкиімді таңбалауға дайын емес екенін ескере, кеңес қорытындысы бойынша, өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне импорттаушылардың өз қоймаларында аяқкиімді таңбалауға рұқсат беру мәселесін пысықтау тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеңесте зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу бойынша бейінді министрліктердің баяндамалары тыңдалды.

Бұған дейін 1 шілдеден бастап елімізде дәрі-дәрмек бағасы өсетіні жайлы жазған едік. 

Талқылау