Өзбекстан тумасы Артур Калиев ҰХЛ ойыншысы атанды
Фото: theathletic.com
Өзбекстан тумасы Артур Калиев ресми түрде ҰХЛ-дың "Оттава Сенаторз" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz. порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты канадалық команданың баспасөз қызметі жеткізді. 24 жастағы шабуылшымен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген және екіжақты сипатқа ие — бұл оған негізгі құрамда да, фарм-командада да ойнауға мүмкіндік береді.
Өткен маусымда Калиев Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында "Нью-Йорк Рейнджерс" сапында 14 матч өткізіп, 4 (3+1) нәтижелі ұпай жинады.
Артур Калиев Ташкент қаласында дүниеге келген. Алайда екі жасында отбасы АҚШ-қа қоныс аударып, ол сол елде хоккеймен шұғылдана бастады. Жасөспірімдер мен жастар құрамаларында АҚШ атынан өнер көрсеткен. 2019 жылғы НХЛ драфтында оны "Лос-Анджелес Кингз" клубы таңдаған болатын.
Талқылау

"Биатлоннан футболға дейін": Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған қаржы бөлінсе де, медаль әкелмеген спорт түрлерін атады
Спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған

"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Қария үлкен қажылыққа емес, кішісіне баратын болды