AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанның болашағына сенемін": Ресейліктер неліктен елімізге көшіп жатқанын түсіндірді

Ресейде батыс елдері салған санкциялардан бөлек мемлекет ішінде де бірқатар шектеулер енгізілген. Бұл тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне кері әсер ететіні анық. Қазір Ресейден азаматтардың жаппай елден кетуі байқалған, дегенмен олардың көпшілігі ТМД елдеріне, соның ішінде Қазақстанға келуде. Тұрғындардың Ресейден кету себебін азаматтардың өздері түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Ресейліктер

Ресей азаматы Максим Синицын елден әскери жағдай енгізілгендіктен кеткенін айтады. Қазір ол Грузияда.

"Жаппай әскерге шақырту басталады деп қорықтым. Оппозиционер болғандықтан, маған елде қалу қауіпті. Ал Грузияға келу себебім мұнда ұзағырақ қала аламын. Түркияға кетуді ойлағанмын, бірақ ол жаққа жету қиын", - деді Максим Синицын. 

"Өзімізді қауіпсіз сезіне алмадық. Достарымызды белгілі уақытқа қамауға алды, кейбірін 10, кейбірін 15 күнге. Мен брокерлік компанияда қашықтан менеджер болып жұмыс істеймін және ағылшын тілінен сабақ беремін. Қашықтан жұмыс істегендіктен елден кету жұмысыма еш кедергі келтірмеді", - деді Арина Волкова. 

Шұғыл эмиграция үшін Қазақстанды бірнеше себеппен таңдайды екен: дамыған экономика, жұмыс үшін қолайлы жағдай және жағымды миграциялық ережелер.

"Мен Мәскеуде тұрғанмын, бірақ өткен аптадан бастап Алматы тұрғынымын. Қазақстан болашағына сенгендіктен осында келдім. Қазір посткеңестік елдер ішінде Қазақстан Ресейден кейінгі ең бай ел", - деп қосты Вадим Новиков. 

Батыс енгізген санкциялар мен Ресей билігінің ақша айналымын бақылауға алуы кәсіп үшін жағдайдың нашарлағанын көрсетті. Тіпті кейбірі өткен аптадан бастап ресейлік ІТ саласы үшін қара жолақ басталғанын да жазған. Рубль девальвациясы, валютаны шығаруға тыйым салу, телекоммуникациялық құрылғылар жеткізген компаниялардың кетуі аталмыш салада дүрбелең тудырды. 



Жыл басынан бері 39 000 шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. Олардың 9 мыңы – Ресей азаматтары. Бұл ақпандағы статистикаға еш әсер етпеген. Өткен жылы миграция деңгейі дәл осындай болған: 2021 жылы ақпанда 8 мың 700 ресейлік Қазақстанда тұруға рұқсат алған. 

"Қазақстанға көшкен компанияларға келетін болсақ, олардың саны аз. Екіншіден, олардың Қазақстанда өкілдері қызмет еткен. Есеп-қисап уақытша тоқтағандықтан, ақша аударымдары үшін өзге елдердегі кеңселерін қолдануға мәжбүр", - деді коммуникация агенттігінің директоры Угра Гаджиев. 

Көптеген компаниялар қызметкерлерін уақытша Қазақстанға ауыстырып, мекенжайын өзгертуді жоспарлаған. Қызметкерлерге тұрғын үй ақысын төлеп беруге уәде береді. Қазір фирмалар қай қалаға ауысатынын шешіп жатыр екен. Ал кіріс көзін жоғалтып алмау үшін азаматтар Алматы мен Нұр-Сұлтанға келіп, өз беттерінше жұмыс іздеуге кіріскен. 

"Қазір жұмыссыз қалған мамандар саны көп. Мұндай мамандарды біздің агенттік өзіне алуда. Олардың арасында тәжірибесі бар, тіл білетін, біліктілігі жоғары қызметкерлерді жұмысқа орналастыру керек. Сонымен қатар олар кәсіп туралы көптеген ақпараттармен бөлісе алады", - деді коммуникациялық агенттіктің директоры Андрей Коннов. 

Көпшілігі орын алған жағдайды өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарымен салыстыруда. Бұл кезде оппозициялық зиялы қауым өкілдері Ресейден кеткен. Қазір олардың орынын ІТ-мамандары басты. 

Айта кетейік, бұған дейін арнайы операция басталған уақыттан бастап Ресейден мыңдаған адамның кеткені туралы жазған едік. Олардың басым бөлігі Грузияға көшкен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр