Елбасы биылғы оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында 2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың білім гранты бөлінетін айтты. Елбасы бұл жұмысты бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атап өтті.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Бүгінде еліміздегі ЖОО-да 530 мыңға жуық студенттер білім алуда. Олардың ішіндегі 30 пайызы мемлекеттік грант бойынша оқып жатыр. Жоғары білім беруді қолжетімді әрі сапалы ету үшін келесі шараларды ұсынамыз. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы жаңа экономикаға қажетті техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл қадам Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономикада сұранысқа ие болатын мыңдаған мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл жерде инженерлер, ақпараттық технологиялар саласы мен робототехника, нанотехнология саласындағы мамандар туралы айтып отырмын. Бұл да мемлекеттің жастарға көрсеткен қолдауы болып табылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жаңа грант құнын техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқытатын барлық ЖОО-ын ұлттық университет деңгейіне дейін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Бұл шаралар жоғары білім берумен орта мектептердің оқушыларын көбірек қамтуға жол ашады. Бұл – адами капиталға, демек білімге салынған салым. Екінші жағынан, әлемдік стандарттар бойынша білім жүйесін жасай отырып, студенттердің өмір сүруі жағдайына баса маңыз беруіміз керек. Қалалық емес жастардың бір парасы қала шетінен баспана жалдауға мәжбүр екенін білесіздер. Ондай жағдайда сапалы білім жайлы қалай айтуға болады. Бүгінгі таңда ЖОО-лар мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамту мәселесі өткір болып отыр. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жатақхана тұрғызу қолға алынады. Сонымен бірге, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын», -деді Мемлекет басшысы.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанды мереке күндері қандай ауа-райы күтіп тұр
Әбединова: Ұлым жәннәтта мені жүзі жарқырап күтіп алады
Алматыда автобус жүргізушілері акция арқылы төлем жасауға қарсы шықты