Экстрасенс Бақыт Жұматова: Қазақстанда 2025 жылға қарай 50-60 жастағы ер азаматтар жаппай үйлене бастайды

2025 жылы отау құрып, шаңырақ көтеретіндер көбейеді. Мұндай мәлімдемені еліміздегі демографиялық жағдайды ескерген ұлттық экономика министрі жасады.

Экстрасенс Бақыт Жұматова: Қазақстанда 2025 жылға қарай 50-60 жастағы ер азаматтар жаппай үйлене бастайды

Бір қызығы бұл болжамды көріпкелдер де растап, 6 жылдан соң үйленетіндер саны 90 пайызға артады деп отыр. Ал әлеуметтанушылар болса бұл қуанатын жағдай емес дейді. Неге? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде неке қия сала ажырасып, шаңырақтары шайқалып жатқан жұптардың қатары күн сайын өсуде. Тіпті оған ешкім назар аудармайтын жағдайға жетті. Десе де жуырда ғана ұлттық экономика министрі 2025 жылы отау құратындардың саны екі есеге артатын мәлімдеді. Яғни 4 жыл бұрынғы рекордтық көрсеткіштен асып түседі дейді ол. 

"Иә, қазірде ажырасатындардың көп болғаны әрине толғандырады. Бірақ небәрі 5-6 жылда, бізде үйленетіндердің саны күрт көбейеді. Тіпті ел тарихында болған 2015 жылғы көрсеткіштен де асып кетеді. Сондай-ақ, мынадай қызықты ақпарат айтайын, бізде ең көп той - қазанда, ал ең азы ақпанда болады екен",  - деді министр.

Министрдің бұл мәлімдемесі көңілге медеу болғаны сөзсіз. Өйткені еліміздегі қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылда үйленетіндер саны 20 пайызға азайып, ал ажырасқандар керісінше көбейіп кеткен. Атап айтқанда әрбір 3-жұптың дәм тұзы жараспаған. 

"Елімізде 2014 жылы 159 128 неке тіркелген. 2018 жылы 138 792 неке тіркелген. Айырылысу санына келер болсақ, ҚР 2014 жылы 52 763 айырылысу тіркелген болса, 2018 жылы 54 792 тіркелген. 5 жылдың аралығында некелерде кему, ал ажырасуларда өсу байқалады", - деді Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сарапшысы Мағжан Советов.

Болашаққа болжамын білмек болып, еліміздегі танымал  көріпкелдердің біріне бардық. 2025 жылы баспаналы азаматтар көбейіп, нәтижесінде көбінің әлеуметтік жағдайы жақсарып, отау құрғандардың саны артатынын айтады.  

"2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында той болмайды. Маусым айынан бастап көбейеді. Тіпті 90 пайызға дейін артады. Қызығы, үйленетіндер көбіне жастар емес, 50-60 жастағы егде азаматтар болмақ. Қуантарлығы сол жылы туылатын сәбилер де көбеймек", - деді экстрасенс Бақыт Жұматова.

Десе де министр мен көріпкелдің сөзін әлеуметтанушы нақтылай түсті. Оның айтуынша, бұл болжам елдегі 2000 жылғы бэби-бумға негізделген дейді. Яғни, олар ер жетіп, сәйкесінше сол уақытта той көбеюі мүмкін.  

Ол тек қана, енді ойлап отырмын демографилық көрсеткіштерге негізделіп отыр да. Өйткені қазіргі кезде жастардың сол кездегі 30 пайызы қазір құрайды ғой. Яғни 30 процент сол кезде көрсеткішін береді деп отыр. Бірақ ол факт емес. Өйткені шетелмен де салыстыратын болсақ, ол кезде өмір жағдайы жақсарған сайын, керісінше отбасы құру, төмендеп жатыр", - деді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова. 

Осылайша 2025 жылы үйленетіндерден гөрі, керісінше мүлдем тұрмысқа асықпайтындардың саны артуы мүмкін. Сондықтан да бәрі тек уақыт еншісінде дейді сарапшылар. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр