Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Экс-министр мектеп кешіне тыйым салғанымен түлектер аста-төк кеш жасап, көңіл көтеруде

Сыныптаспен соңғы кеш. Шаңын шығарып би билеп, аста-төк кеште көңіл көтерген түлектер әлеуметтік желілерді шулатуда. Экс-министр Күләш Шәмшидинова аста-төк мектеппен қоштасу кештеріне тыйым салғанмен, түлектер оның бұл сөзін жермен-жексен етті.  

 Экс-министр мектеп кешіне тыйым салғанымен түлектер аста-төк кеш жасап, көңіл көтеруде

Білім ордасындағы соңғы кеш шығынмен емес, артта қалған уақытты бағалаумен өтуі тиіс деген бұрынғы министрдің сөзі сөз жүзінде қалды. Әлі күнге жалғасып жатқан мектеп бітіру кештері қалай өтуде? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қымбат киім мен көлік, зәулім мейрамхана, аста-төк дастархан, ырду-дырду, шектен шыққан дарақылық, бітпейтін бәсекелестік. Бұлар соңғы жылдары мектеп бітіру кешінің ажырамас бөлігіне айналған. Біреу тоңып секіріп жатқанда, "тойып секіргендер" көпті қапаландыруда. Білім министрлігін басқаруға келгенде Күләш Шәмшидинова бұған тосқауыл қойғысы-ақ келген.

"Мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуі керек" деген ол ысырапқа жол бермейтінін мәлімдеген еді.  

"Өкінішке қарай соңғы кезде мектеп бітіру кештері бәсекеге айналды. Мектеппен қоштасу біздің кезіміздегі сияқты қарапайым өтуі тиіс деп ойлаймын. Аста-төк дастархан ешкімге керек емес. Соншама қымбат көйлек кигеніңіздің де ешкімге қажеті жоқ. Мұндай кеш оқушылар мен мұғалімдердің бір-біріне жылы лебіз білдіруімен шектелуі керек. Мектеппен қоштасу дегеніміз - сол", - деді ҚР ғылым және ғылым министрі Күләш Шәмшединова.

Экс-министр осылай деп кесіп айтқанымен, аяғына жеткізе алмады. Енді бәрі керісінше болуда. Әр жерде түлектер думандатып, сырнайлатып тойлауда. Мектепте емес, сыртында, көңілдері қалаған жерлерде.

Кеншілер қаласындағы кейбір елірген оқушылар "алтын ұясымен" қоштасты. Көшенің қақ ортасында мотоциклмен ары-бері ойқастағандар өздерін былай қойғанда, өзгелердің өміріне де қауіп төндірді.  Құрдастарынна алматылық түлектер де қалыспады.  

Мектеп бітірген осы екен дегендер демалыс орындарына қымбат көліктермен жарысып, дарақылықтың неше атасын көрсетіп бақты.

Ал шымкенттік жастардың көңіл-көтеруінің соңы төбелеске ұласып, бір-бірін түтіп жей жаздады. 

"Өмір екі келмейді" деген принципті ұстанатын астаналық оқушылар да "мұндай кешті" естен кетпестей өткізу керек дейді. Олардың алды бұл шараға 150 мың теңгенің көйлегін киіпті.  

"Мектеп бітіру кешінде киетін бір көйлектің орташа бағасы 120 мыңнан асады. Ал, түнгі 12-ден кейінгі дискотекаға киетін көйлекті бөлек аламыз. Ол шамамен кем дегенде 30 мың тұрады. 25-нен бері фотографпен жұмыс істедік. Арнайы лимузин де таптық. Аз ақша кеткен жоқ. Есімізде мәңгі қалатындай етіп тойладық", деді мектеп түледі Жанерке.

Ал, бас қаланың ұстаздары "мектеппен қоштасу" қарапайым өтуі тиіс дегенмен келісеміз дейді. Алайда бұл жайлы әркімнің пікірі бір арнаға тоғыса бермейді екен. Тіпті, көбінесе ата-аналардың өзі көл-көсір шараға мұрындық болатын көрінеді.

"Ата-аналармен бірігіп, нұсқаулықтар беріп жатырмыз. Оның мән-мағынасын айтып жатырмыз. Бірақ сонда да кейбір ата-аналар өзіміздің құқығымыз бөлек, баламызға той жасасақ та ойланып көреміз деп", - деді мектеп директоры Жұмағазы Әлпішев.

Осылайша биылғы түлектердің мектеппен қоштасуы осындай оқиғаларымен есте қалды. Бірі қымбат көйлегімен, өзгесі аста-төк шығынымен есте қалды. Бұл үшін қанша миллион қаржының шашылғаны да белгісіз. Бір анығы, әр баланың ата-анасы аз шашылмағаны. Сөйтіп биыл кешті аста-төк тойламаймыз деген уәде орындалмады, есесіне  түлек жадында мәңгі қалмақ.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр