Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz ұйымдастыратын онлайн-диктант қашан өтеді?

Stan.kz ақпарат агенттігі осымен төртінші жыл қатарынан онлайн-диктант ұйымдастырады. Жазба жұмысы 24 мамырда өтеді.  

Онлайн диктантқа қатысу үшін интернет пен компьютер немесе ноутбук, телефоныңыздың болғаны жеткілікті. Дегенмен диктантты компьютер немесе ноутбукпен жазу әлдеқайда ыңғайлы болады. 

Диктант қайда өтеді? 

24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикердің видеосы жарияланады. 

Диктант қай уақытта басталатынын білу үшін Telegram-да Stan.kz парақшасына жазылыңыз немесе біздің қосымшаны жүктеп алыңыз

Диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында 200 мың теңгеден 10 адамға қаржылай сыйлықтар ойнатылады. 

Жобаның демеушісі – “Dauletten” қоры.

Ескерту: Ұтысқа шынайы атын-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді. 

 

Талқылау