Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
Екібастұз қаласының тұрғыны белгісіз біреу оның шотынан 13 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облыстық полицияның мәліметінше, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында инсульт бөліміндегі ауруханада емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болған. Олардың барлығы куәгер ретінде сұралды.
“Нәтижесінде зейнеткердің шотынан Kaspi Bank мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, ақшаны жымқырған келіншек анықталды. Әйел ұрлық ашылады, өзін табады деп ойламағанын мойындады”, – делінген хабарламада.
Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында тіс қаққан алаяқ адамдарды алдап 12 миллион теңге тапқаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"