AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұз тұрғыны 14 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды

Екібастұз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

зорлық

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Екібастұз қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғыннан оның 14 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз түсті.

Оқиға су қоймасында болған. Жәбірленуші ол жерге достарымен барған, олардың жанында үлкендер болмаған.



“Күдікті анықталып, қамауға алынды. Ол 28 жастағы Екібастұз облысының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігі, 1-тармағы “Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция басқарамсының баспасөз қызметі.

Осы бап бойынша кінәлі адамдар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр