"Екі жасөспірім әлі іздестірілуде": Түркістан облысында суға батқан тағы бір адамның денесі табылды
Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құтқарушылар бүгін 12-ден 25 минут өткенде 25 жастағы жігіттің денесін судан алып шықты. Әзірге суға батып кеткен 11 адамның тоғызының денесі табылды.
Қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толмаған 2 жасөспірім іздестірілуде.
Айта кетейік, қайғылы жағдай 21 тамыз күні Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған еді. Суға кеткендердің барлығы – Төрт ағайындының отбасы мүшелері. Олар тыйым салынған жерге шомылуға барған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде бір әулеттің он бір адамы суға батып кеткенін және Суға батқан 11 адамға қатысты жаңа деректер айтылғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады