Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Допинг қабылдаған: "Әл-Айн" футбол клубы Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды

"Әл-Айн" футбол клубы допингке байланысты жағдай үшін  Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шілдеде келісімшарт 2023 жылға дейін ұзартылғанын хабарлаған, бірақ допинг жанжалына байланысты тараптар оны бұзуға келісті.

Исламхан Азия Чемпиондар Лигасының "Әл-Садд" - "Әл-Айн" матчынан кейін допингке тапсырды, ол оң болып шықты. Нәтижесінде қазақстандық футболшы одан әрі ойындардан шеттетілді. Бұл матчта 27 жастағы жартылай қорғаушы 68 минут ойнады. Айта кету керек, оның командасы Катарда 10 қыркүйектен бастап жабық режимде болды.

Бұған дейін құрама капитаны ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожинмен телефон арқылы сөйлескен. Ойыншы клуб дәрігерінің нұсқауларын толық орындағанын айтып, сендірді, сонымен қатар кез келген тексеруден, қажетті сынақтардан өтуге дайын екенін атап өтті.

Талқылау