Доллар бағамы күрт өсті
Қазақстандық KASE қор биржасындағы кешкі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 446,91 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша бір тәулікте шетелдік валюта 4,59 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы 442,17 теңгені құраған еді.
Ал рубль бағамы биржада 7,9 теңгеге жетті.
"Теңгенің нығаюы – уақытша дүние": Сарапшылар төл валютамыздың болашағы жайлы айтты
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 445-446 теңгеге сатып алып, 449-451 теңгеден сатып жатыр.
Бұған дейін үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси ахуалға, ішкі қатысушылардың болжамдары мен әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болатынын мәлімдеген еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ