Динара Сәтжан хан сарайындай үйін 88 миллионға сатылымға шығарды (видео)
Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан хан сарайындай зәулім сарайын сатылымға шығарды. Ол елорданың элиталық ауданында орналасқан пәтеріне 88 миллион теңге сұрап отыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«2009 жылы пентхауста тұрғым келіп, іздеуге кірістім. Ішкі биіктігі 6 метрді құрайтын мына пәтерге бір көргеннен ғашық болдым. Біздің екеуара махаббатымыз міне 8 жылға жалғасып келеді. Біз «Альбион» тұрғын-үй кешенінің алғашқы тұрғындарымыз, кешен 2007 жылы тұрғызылған. Бұл менің елордадағы үшінші пәтерім, сол себепті оны барынша жылытуға тырыстым», – дейді тележүргізуші.
Сәтжанның айтуынша, үйде жанға жайлылық сыйлайтын дүниенің бәрі бар. Оған қоса, оңтайлы жерде орналасқан тұрғын-үй кешені өте қауіпсіз.
«Мұнда барлық көршілер бір-бірін таниды, ал балалар өздігінен серуендей алады. Даниал достарымен бірге Есіл өзеніне балық аулауға барып тұрады, ол да жақын жерде. Өзен жағалауында велосипедке арналған жолақ бар, жаздыгүні өзен жағалап өтуге болады», – деп түсіндірді Динара.
Тележүргізуші хан сарайындай зәулім үйін ішіндегі бар жиҺазымен бірге 88 миллионға сатылымға шығарып отыр.
«8 жыл бойы бұл пәтер менің тіреуім болды, ал үйдің қабырғалары маған өсіп-өнуге, шығармашалықпен айналысуға көмектесті, тілектерімді орындады. Өзім басқа орынға қоныс аударып жатырмын, ал мына ерекше пәтердің иесі бәлкім сіз боларсыз», – деп түйіндеді сөзін Сәтжан.
Жіберіп алмаңыз:
RinGo әншісі өзінің 3 жасар ұлына ыдыс жуғызып қойды (видео)
Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)
Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді
Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді