Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді

Соңғы уақытта бірге түскен суреттерін желіге салуды сиреткен Сәбит пен Алтынай оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртіп жүр. Бірі жұлдызды жұптың арасынан ала мысық өтті деп топшыласа, енді бірі Әбдіхалықовты Иманбаеваға қайта оралды деп тұжырым жасайтын көрінеді.

алтынай сабит айгул

Иманбаева көптің көңілін күпті еткен сауалға НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында жауап берді.

Жеке өміріне қатысты сансыз сауалдардың соңғы кездері әлеуметтік желіде жиі қойылатынын Иманбаева да жасырмайды. Бұл жолы актриса тыңдарманды мазалаған сұрақтарға жауап беруге тас-түйін дайын. Сонымен, Сәбит пен Айгүлдің қайта табысқаны қаншалықты рас?!

«Қойылып жатады, мен оның бірін оқып, бірін оқымаймын. Бірақ, миым жетпейді. Жеке өмірінде оның, оның менің жеке өмірімде не шатағы бар. Біз әріптеспіз, баламның әкесі, құрметтеймін, сыйлаймын», – дейді Иманбаева.

Сондықтан, Айгүл ел аузында жүрген қауесетке сене бермеуді сұрайды. Бірақ, бүгінде Сәбитпен бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, әке мен баланың қарым-қатынасына ешқашан шектау қойған емес. Тіпті, Асылжанға қатысты мәселелерді қос тарап әлі күнге дейін бірігіп шешетінін көрінеді.

«Амандығымыз түзу. Баламыздың мәселесіне қатысты міндетті түрде екеуіміз… Енді бала студент сыртта оқиды. Сол себептен тәртібі болсын, оның жүріс-тұрысы, ортасы болсын араласатын, міндетті түрде екеуіміз араласамыз. Ол жағынан ақылдасып тұрамыз. Қалай болып жатыр, сен барасың ба балаға, мен барамын ба?! Өйткені, бала тұр ортада», – деп түйіндеді сөзін актриса.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

Тұңғышбай Жаманқұловтың ақшаны не нәрсеге құртқаны анықталды

Есен Елеукен анасынан айырылып қала жаздады

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Талқылау