Димаштың фанаттары әлемнің үздік әншілері рейтингі нәтижесіне шүйлікті

Димаш Құдайберген әлемнің “супер старларымен” бірге барлық кезеңдердің үздік әншісі атағына таласқан еді. Сауалнама америкалық Ranker рейтингтер сайтында жүргізілді. Күні кеше дауыс беру нәтижесі бойынша 2-ші орынға дейін көтерілген Димаш аз уақыттың ішінде 369-шы орынға бір-ақ түсті.

Димаш Құдайберген

Фанаттар Құдайбергеновтің аяқ астынан рейтингте құлағанын түсінбей қалды.

Дауыс берудің соңғы күнінде Димаш Фреди Меркьюриден кейін екінші орында тұрды. Алайда көп ұзамай 369-шы орынға бір-ақ түсті. Сонымен дауыс беру жабылды. Димашқа 113 мың адам қарсы дауыс берген болып шықты.

Әлеуметтік желіде фанаттардың Димашты қолдап, оны рейтингте бірінші орынға шығару ұсынысы кей халықтарға ұнамай қалса керек.

“Үздіктер қатарында неге Димаш жоқ”, “Мүмкін емес, 2-ші орыннан сонша түсіп кеткені қалай”, – деп шүйлікті фанаттар.

Олардың болжамынша, Димаштың жетістігін көре алмаған адамдар оған қарсы дауыс берген. Енді жанкүйерлер дауыс берудің әділетсіз өткенін айтып, сотқа жүгінуге ниеттеніп отыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр