"Димаштан да асып түсті!": Данэлия Төлешова өнердегі ағасының әнін орындады (видео)
Жас өнерпаз Данэлия Төлешова танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әнін орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Данэлия тағы бір жас әнші Даниил Юнмен бірігіп, Димаштың әніне кавер жасаған көрінеді.
"Жаңа жыл қарсаңында сіздермен бұрын жарияланбаған жазбамен бөлісуді жөн көрдік. Біздің YouTube-тағы арнамызда Димаш Құдайбергеннің әніне түсірілген каверді тамашалай аласыздар. Бұл әнді біз Даниил Юнмен бірге шырқадық. Құмарларыңызды қандырыңыздар!", - деп жазыпты Данэлия.
Жас әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары оның орындауындағы әнге жоғары бағаларын беріп жатты.
"Димаштан асып түстің", "Жарайсыңдар, екі дауыста керемет айтып шықтыңдар" деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушылары.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ