Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Назарбаев пен Тоқаевтің алдында ән салды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы концертке барды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген ән салып жатқан видеоны тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады. Аталған концерт Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған. Салтанатты шара "Астана Опера" опера және балет театрында өтті.

Концерт бағдарламасында атақты қазақстандық әртістер, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті. 

Жақында Президент Димаш Құдайбергенге "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен марапаттады. 

Желтоқсанның 13-і Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында жеке концертін берген болатын. Dears деп аталатын жанкүйерлері әлемнің 50 елінен және Американың 40 штатынан жиналды. Жанкүйерлер өте қатты әсер алып, эмоцияларын жасыра алмады. Кеш бойы әншінің өнеріне сүйсініп, плакаттарын әкеліп, билеп тұрды. 

 

 

STAN.KZ
Сенбі, 14 Желтоқсан, 2019 08:34
Талқылау