Димаш Қытайда қарсыласының үйінде қонақта болып өз қолымен тұшпара әзірледі
Димаш Құдайбергенов өзінің “I am a Singer” жобасындағы қарсыласының үйінде қонақта болып қайтты. Әнші қытайлардың қонақжай екенін айтып, әріптесіне ризашылығын білдірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қытайдың атақты әншісі Тан Цзин Димаш үшін арнайы сиыр етінен тұшпара әзірлеген. Әңгімелесе отырып, 1-2 данасын Димаштың өзіне түюді ұсынған. Бұл туралы Димаштың өзі:
“I am Singer” жобасында көп таныс, достар таптым! Әр бір танысымның ыстық ықыласы, маған деген ниеті ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қарсыласым болса да, қонақжайлығын көрсетіп Тан Цзин Бейжіңдегі үйіне қонаққа шақырды. Тан Цзин қытайдың атақты әншісі, көптеген xалықаралық байқаулардың жеңімпазы! Ата-анасы да өнерден ауылы алыс емес. Дастарxан барысында бірге ән шырқап, әдемі тілектер айтып, қызықты әңгіме-дүкен құрдық. Менің xалал тағам ғана жейтінімді білген Тан Цзиннің анасы сиыр етінен дайындалған түшпара дайындады. Тіпті, бір-екеуін өзін де істеп көр деп ұсыныс білдірді. Әрине, менен мықты аспаз шықпас, бірақ қолымнан келгенше тырыстым! Тан Цзиннің отбасы, ата-анасымен танысқаныма қуаныштымын, керемет жандар!” – деп жазды.
Десе те, жат елде жүрген қазақ әншісі анасының тағамдарын сағынып қалғанын жасырмады.
Айта кетейік, дәл осы Тан Цзин үшінші кезеңде бірінші орынды еншілеп, Димашты басып озған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш келесі кезеңде “Күзгі мұң” атты әнді қытай тілінде орындайды
Қайрат Нұртас Димаштың әлі де өз әні мен стилін таппағанын айтты
Димашпен кездесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген (фото)
Димаштың «сүйіктісімен» түскен суреттері қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды (фото)