Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген: Мен басқа адаммын

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram парақшасында ол жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"Құрметтілер, мен сіздерге құттықтауларыңыз үшін, сүйіспеншілігіңіз бен жылулығыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздер мені ерекше құттықтауларыңызбен таңңалдырасыздар. Қазір менің жасым 27-де. Осы уақыт аралығында мен адамдарды түсінуді, өзімді өзім сияқты қабылдауды үйрендім. Ең бастысы сіздер де мені осылай қабылдадыңыз. Мен өз музыкам сияқты мүлдем басқа адаммын", - деп атап өтті ол.

Құдайберген оның тыңдаушыларының бір-бірінен тек жас санаттары бойынша ғана емес, әрқайсысы бөлек ерекшеленетіндігін нақтылады.

"Сіздердіің бір үлкен ұқсастығыңыз бар. Ол - менің бәріңізді жақсы көретінім. Тағы бірнеше жыл сіздерді өз жұмысыммен қуантамын деп сенемін", - деп аяқтады ойын әнші.

Мамыр айында Димаш 27 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаев әншіге құттықтау хат жолдады.


Талқылау