Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог ұйқыны жақсартатын азық-түлік түрлерін атады

Мамандар ұйқысыздық мазалап жүрген жандарға тапсырмас кеңес берді. Олардың айтуынша, тыныш ұйқының кілті – жеміс-жидек пен көкөністерде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Диетолог Молли Хембри шие, киви, жержаңғақ және қызанақ түнде жақсы ұйықтауға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ саңырауқұлақ, йогурт, арқан балық пен асқабақ дәндерін жесеңіз ұйқысыздықты ұмытасыз. 

Сарапшының айтуынша, шиеде негізгі ұйқы гормоны – мелатонин бар. Жатар алдында шие шырынын ішсеңіз ұйқыңыз бұзылмай, тәтті ұйқыға бөленесіз. Сондай-ақ кивиді бір ай күнделікті рационыңызға қоссаңыз, айтарлықтай нәтиже байқауға болады. 

Арқан балық пен күркетауық еті де жақсы ұйықтауға сеп болады. Өйткені күркетауық етінің құрамында ұйқы мен сергектік цикліне әсер ететін амин қышқылы бар. Арқан балық жүрек-қан тамырлары үшін маңызды омега-3 май қышқылдарына бай. 



Диетолог маманның айтуынша, йогурт құрамында таңертең сергек оянуға көмектесетін альфа-лактальбумин ақуызы бар. Магнийге бай асқабақ дәндері адамның жүйке жүйесіне пайдалы. Барлық әйелдің асханасынан табыла кететін қызанақтың құрамында мелатонин бар. Ағзадағы ликопиннің тапшылығы ұйқының бұзылуына әкелетінін ескеріп, қызанақтың ликопинге бай екенін атап өткен жөн. Аталған жеміс-жидектер мен көкөністерді ұйқыға жатар алдында екі сағат бұрын жеу керек. 

Талқылау