Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог Д дәруменінің жетіспеушілігін болдырмаудың қарапайым әдісін атады

Диетолог Елена Соломатина аз шуақты күндермен байланысты ағзадағы D дәруменінің жетіспеушілігін толтырудың қарапайым әдістерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түрлі зерттеулерге сәйкес халықтың 80 пайыздан астамында бұл витамин жетіспейді. Бұл тапшылық климаттық жағдайларға және елдің аумақтық орналасуына байланысты туындайды", –  деп түсіндірді Соломатина.

Сонымен қатар D дәруменінің жетіспеушілігіне диетадағы балық майының болмауы және күннен қорғайтын кремді белсенді қолдану әсер етеді.

Бұл элементтің қорын толтыру үшін дәрігер реска, скумбрия, майшабақ, сардина сияқты қолжетімді майлы балықты жеуге кеңес береді. 

"Сізге ақсерке және форель сияқты қымбат майлы балықты сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені олардың құрамында D дәруменінің де, омега 3-тің мөлшері аз", –  деді диетолог.

Қуырылған балыққа қарағанда консерві түрінде бұқтырып, пісірілгендерін тұтынған жақсы. D дәрумені иммунитетке, эмоционалдық күйге, шашқа, тіске және тырнаққа, сондай-ақ қан қысымына жауап береді. 

Талқылау