Диетолог әжім түсудің алдын алатын өнімдерді атады
Диетолог Софи Тротман әжімдердің алдын алатын өнімдерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тротманның айтуынша, терінің жастығын сақтауға ықпал ететін бірінші өнім - майлы балық. Ол лосось, скумбрия, анчоус, майшабақ және сардинада кездесетін омега-3 май қышқылдары терінің табиғи қорғаныс тосқауылын қолдайтынын, оны ылғалдандырып, майда әжімдердің пайда болуына жол бермейтінін түсіндірді.
Диетологтың айтуынша, теріге пайдалы әсер ететін тағы бір өнім - авокадо. Тротман жемісте теріні ылғалдандыратын және серпімді ететін моноқанықпаған майлар бар екенін атап өтті.
"Авокадо теріні зақымданудан қорғауға көмектесетін антиоксидант Е дәруменіне бай", - деді маман.
Диетолог жастықты сақтау үшін диетаға тәтті картоп қосуға кеңес берді. Ол тәтті картопқа қызғылт сары түс беретін каротиноидтар теріні жарқыратып, ондағы бета-каротин жасушалардың жаңаруына ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, диетолог дәрумендер мен минералдарға бай жидектерді, жаңғақтар мен тұқымдарды жеу жасқа байланысты өзгерістермен күресуге көмектесетінін айтты.
“Зығыр тұқымдары әсіресе альфа-линолен қышқылына, омега-3 май қышқылының түріне бай. Ол уақыт өте келе терінің сыртқы түрін жақсартады", - деді диетолог.