Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған еркіндік керек": Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кетпек

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дидар Смағұлов

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

"Достар, осымен ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры лауазымынан өз еркіммен кетемін! 7 жыл бойы мемлекеттік салада қалтқысыз қызмет еттім... енді басқа белестерді бағындырар уақыт келді!", - деді Смағұлов.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры кез-келген уақытта өзін қолдаған достарына алғыс айтуды ұмытпады.

"Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлына түрлі сынға қарамай, мені осы жауапты лауазымға тағайындап, сенім білдіргені үшін рақметімді айтамын! Халыққа адал қызмет ету мақсатында және сіздердің көңілдеріңізді қалдырмау үшін білімім мен машықтарымды Орталықтың игілігі жолында қолдануға тырыстым. Білім саласындағы басқа да жауапты басшылық лауазымдарды ұсынғаныңызды жоғары бағалаймын!", - деп атап өтті Смағұлов.

Бірақ ол қызмет ету саласын өзгертуге шешім қабылдапты.

Осы орайда Дидар Смағұлов ҰБТ 2021 жылы дау-жанжалсыз аяқталады деп уәде берді.

"Кейбіреулер ҰБТ-ның қызған шағында кеткенім үшін сынайтын шығар. Біріншіден, егер мен кеткеннен кейін құрылған жүйе жұмыс істемесе, көшбасшы ретінде бағам қайда қалады! Екіншіден, ҰТО - бұл өз ісінің нағыз шеберлері. Мен оларға кедергі жасамадым", - деді Дидар Смағұлов.

Ол "еркіндікке" мұқтаж екенін айтты.

"Маған еркіндік керек болды. Толық. Енді мемлекетке қаржылай тәуелді болмаймын, бұл мені барынша объективті етеді", — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Смағұлов енді жұмысын министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастыра бермек

Гүлдана Қазтай
Дүйсенбі, 31 Мамыр, 2021 10:59
Талқылау