AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Қырықбай: Жігіттер қарапайым қыздарды "автобуспен жүреді, тістері қисық" деп жақтырмайды

Диана Қырықбай өзіне хат жазатын жігіттер жайлы ашық айтты. Тележүргізуші тек ай сайын бет күтіміне 2 миллион теңге кететінін мойындайды. Ал одан бөлек өмір сүру үшін біршама қаражат керек жұмсайды. Оқырмандардың кейбірі тележүргізушінің пікірімен келіспейді.

Бұл туралы Диана Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. 

Тележүргізуші өткен аптада қарапайым жігіттермен көңіл қоспайтынын ашық айтқан еді. Бұл сөзі желіде тез тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Бірі оның өзін сөксе, бірі қарапайым болуға шақырды. Ал Диана тек қалталы азаматтарға тұрмысқа шығатынын айтты. 

“Бір жігіт хат жазыпты. “Сіз маған ұнайсыз. Жалақым 200 мың теңге. Бірақ сізге махаббатымды ғана бере аламын” дейді. Айналайын-ау, 200 мың теңгемен қалай өмір сүруге болады? Менің бет күтімімнің өзі 2 миллион теңге тұрмай ма? Сонда ақшаны қалай таппақ? Олар өздері секілді қарапайым қыздармен кездескісі келмейді. “Олар автобуспен жүреді, беттері безеу-безеу, тістері қисық” деп жақтырмайды. Егер әдемі қыз керек болса, ақша табыңыз. Кез келген қызды ақшамен әдемі етуге болады емес пе?”, – деді ол. 

Тележүргізуші бүгінде телевизия саласынан кетіп, әлем желіде жұлдыз болып жүр. 



“Мен елдерге арман болған телеарнадан кетіп қалдым. Шынымда айтсам, жалығып кеттім. Шаршадым. Өзім қалағандай жүргім келді. Желіде оқырмандарымды 500 мыңға жеткіземін деп шештім. Түрлі видеолар түсіріп жүрмін. Әй дейтін әже жоқ. Желіде өзің білесің. Солай да ақша табуға болады. Қыздарға, жігіттерге, ене мен келін образы жақсы оқылады”, – дейді тележүргізуші. 

Желіде Дианаға сын айтушы да, қолдаушы оқырмандары да көп. 

“Аяғынан тік тұрған, өте ақылды қыз. Ондайлардан еркектер қорқады. Өзімізге тисе де айтайын, қазақ жігіттері надандыққа бейім. Кітап оқитын, өз-өзін тәрбиелейтін, туралайтын жігіттер аз”, “Айына 2 млн жұмсамай-ақ бақытты өмір сүруге болады, әрине, ақшалы болған, бай болған жақсы. Бірақ барлық нәрсе ақшаға тіреліп тұрған жоқ. Адами қасиет, адамгершілік бірінші орында тұрса болғаны. Бақыт ханның сарайында да кедейдің лашығында да болады. Жастар білімді болса, жағдайын өзі-ақ жасап алады”, “Білімді, ақылды, сұлу қыз. Осылай өз-өзімізді көтеру керек”, “Қалталы азаматыңыздың қызметі бір күнде тоқырап қалды делік, басқа күйеу іздеп кетесіз бе?”, – деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр