Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Саировтың Әлия Назарбаеваға қатысты мәлімдемесіне бас прокуратура жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шындалиевтің айтуынша, ол Назарбаеваға қатысты бас прокуратураға түскен өтінішті көрмеген.

"Егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар шығаруы керек. Бізде мұндай органдар бар. Мысалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, экономикалық тергеу қызметі, ішкі істер министрлігі. Егер ақпарат келіп, қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ", - деді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырауда "Аманат" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлердің утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметінің соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтқан еді. 

Талқылау