Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруді ұсынды

Астана қалалық мәслихатының депутаты Қарақат Әбден қазақстандық қыздарға ұлттық киімді тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруді ұсынды.

2596926

Фото: Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оның айтуынша ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алу керек.

2082671daa93840a273dc61f2d3a823c

“Рухани жаңғыруға қатысты айтарым: біздің жастардың арасында ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу қажет. Бұған қатысты жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы керек. Осыған орай, ұлттық ерекшелік белгісі бар киім енгізу мәселесін қарастыруға болады. Егер біздің қыздар ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де киетін болса, жаман болмас еді”, — деп мәлімдеді Қарақат Әбден.

Өзінің қалалық мәслихаттағы қызметіне қоса, Қарақат Әбден өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелермен айналысатын “Қазақ Қызы” ұйымының төрайымы болып табылады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

Алматылық альфонс 11 әйелді сан соқтырып кеткен

Оралда төбелескен жігіттерді ажыратқан әжей табылды (видео)

Алматыда құл болудан шаршаған жолсеріктер үлкен шу шығарды

Талқылау