Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Фото:Stan.kz collage
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Азия чемпионатында ел қоржынына қос алтын жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
60 келіде Қазақстан намысын қорғаған Оразбек Асылқұлов ақтық сында үндістандық Сачин Сачинмен Азияның алтынын сарапқа салды.
Шешуші сында отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, алтынды қанжығасына байлады.

Ал 75 келіде Сабыржан Аққалықов финалда өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, Азия чемпионатында бұған дейін ел қоржынына 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мен Ертуған Зейнуллинов қола жүлдені салған. Ал Төрехан Сабырхан шешуші бәсекеде сүрініп, күміс жүлде еншіледі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады