Төрехан Сабырхан мансабында алғаш рет жеңілді
Фото:ҚБФ
Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық айқастары өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
70 келіде Төрехан Сабырхан шешуші сында иорданиялық Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді. Зеяд Ишаиш – жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 5:0 есебімен қарсыласына жол берді.
Осылайша ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Төрехан Сабырхан жарыс барысында ширек финалда тәжікстандық Шамшер Саидовты жеңсе, жартылай финалда қытайлық Ван Пейченді тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұл – Төрехан Сабырханның мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол әлем чемпионы атанған дарынды боксшылардың бірі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

