Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

Ақтөбе қаласындағы №20 мектепке орамалды оқушының ата-анасы полиция шақырды. 11 сынып оқушысы Арунаның сабаққа кіре алмай жүргеніне бес күн болған.

хиджаб-мектеп

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

«Қызым 1-сыныптан бастап осы мектепте оқиды. Қазір орамал мәселесіне қатысты қиындықтар көріп жатырмыз. Қызым бес күннен бері сабағына кіре алмай жүр. Барлық бағдарламаларынан қалып қойды. Бүгіннен бастап қорғаушы жалдадық. Директордың үстінен сотқа жүгінетін боламыз. Бүгін мектепке полиция шақырдық. Жасөспірімдер инспекторы арызымызды қабылдаудан бас тартып, бөлімшеге барып жазуымды сұрады. Айтуынша, ол тек мектептегі төбелеске ғана келеді екен. Енді мен баламның құқын шектегені үшін директордың үстінен сотқа шағым түсіретін боламыз», — дейді Құмарбек Набиянов.

Құмарбек Набиянов орамал таққан қызының құқын қорғау үшін қорғаушы да жалдап алған. Осылайша ол істі ақырына дейін жеткізуге бел буыпты.

20170919_103005

Ақтөбедегі №20 мектепке орамал тағып келетін жалғыз оқушы бар. Мектепке келген жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторының айтуынша, орамал мәселесіне қатысты полиция бөлімшесіне 5-6 арыз түскен.

Бұған дейін осыған ұқсас дау Ақтөбедегі № 49 мектепте туындаған еді. Сонымен қатар, Жаңаөзенде мектеп директорының хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойғаны туралы ақпарат та жарияланған.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау