ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Сейсенбі, 19 Қыркүйек , 2017 12:13

Мониторингтің нәтижесінде, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін 309 сурет анықталды. Ақырында 51 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

адепсіз суреттер

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Тексеріс барысында ШҚО шенеуніктерінің бос уақытта асыр салып көңіл көтеретіндерін анықталды. Бұған желіде тарап кеткен суреттер дәлел.

«Облыстық басқармалар мен департамент басшылары әлеуметтік желіде көңіл көтеретін жерлерде ішімдік ішіп отырған суреттерін жариялаған. Облыстағы жануарлар әлемін қорғаумен айналысатын бір мемлекеттік қызметкер аңшылықта жүрген суретін желіге жүктеген. Онда ол жабайы құстың тұлышы мен атыс қаруын ұстап тұр», – дейді ШҚО жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет бойынша департаментінің бас маманы Жанболат Муглиев.

20170918chin5

Ал аудандық білім бөлімінің қызметкері желідегі парақшасында шетел валютасындағы қомақты қаржысымен мақтанған.

20170918chin10

«Мемлекеттік қызметкерлер арасында бұдан өзге де дүниелермен «мақтанғандар» көп. Олар шетелге сапары барысында, қымбат автокөлік пен интерьер жанында түскен суреттерін елге көрсеткен», – деп түсіндірді Жанболат Бейбітұлы.

20170918chin1

Мониторинг қорытындысы бойынша, кінәлі деп танылғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

20170918chin820170918chin920170918chin3

20170918chin4

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды (видео)

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар