Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Сейсенбі, 19 Қыркүйек , 2017 7:10

Субсидия сұраймын деп сотталып тынды! Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, жүнге субсидия сұрап барып, әкімнің орынбасарымен жаға жыртысқан шаруа енді бір жылын түрмеде өткізуі тиіс. Десе де, өзін шенеуніктің құрбаны санайтын Алмасбек Садырбаев, сот үкімін әділетсіздік деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

алмасбек шапалак

Субсидия сұрап барып, соттан бір-ақ шыққан шаруа үкімнің соңына дейін басын төмен салбыратқан күйі отырды да қойды. Ал одан таяқ жедім деген Талдықорған әкімінің білдей орынбасары Асқар Тұтыбаев болса, керісінше, ерекше көңілді. Сөйтсе, шенеуніктің шіренуі бекер емес екен. Сот оның сөзіне сеніп, шапалақ үшін шаруаны 1 жылға соттады.

“Садырбаева – Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы жасаған қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сотталушы Садырбаев сот залынан қамауға алынсын”, – дейді Талдықорған қалалық сотының судьясы Анар Тоқтыбәкиева.

Шенеунік одан қалды моралдық шығын ретінде шаруадан бақандай 10 миллион теңге сұратқан. Алайда, шапалақ үшін бұл сома тым көп деп шешсе керек, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектелді. Ал төбелесті бастаған мен емес деп шырылдағанына қарамастан, фермердің қолына тура сот залында кісен салдынды.

“Сот шешімімен мүлде келіспеймін! Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!” – дейді Алмасбек Садырбаев.

Жанжал жүннен шыққан болатын. Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды деп онысын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та таяқ жедім деп желіге емес, бірден сот арызданған. Кабинетте болған оқиғаға таспаға түспеген. Іске тек орынбасардың сөзі мен дәліздегі көріністер ғана дәйек болыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда суға жарымаған жұрт әкімнің орнынан кетуін талап етті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Ақтөбелік келіншек қос сәбиін қоқыстан тапқанымен тамақтандырып жүр

Кейкі батырдың мазарын тұрғызуға сүт сарысуы қолданылған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар