Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейкі батырдың мазарын тұрғызуға сүт сарысуы қолданылған

Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Кейкі батырдың мазарын тұрғызуға сүт сарысуы қолданылған. Мұндай тәсілді кезінде қазақтардың ата-бабалары қолданған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа құрылыс жасағының жетекшісі Бақытжан Сәрсенбаев айтып берген.

20170918160613

Сәрсенбаевтың айтуынша, ертеректе қазақ халқы сәулет ғимараттарын тұрғызу барысында цементке сүт сарысуын араластырып отырған.

«Кірпішті қою барысында сүт сарысуын қосып отырған. Бұл тәсіл ежелден қолданылады. Яғни цементпен суды емес, сүт сарысуын араластырады. Бұл тәсілді құрылыс нысаны кепкен соң, ол уытылып кетпес үшін пайдаланады. Бір қызығы, жақын маңда сүт зауыты болмағандықтан, жергілікті тұрғындар көмек ретінде күніне 200 литр сарысу әкеп беріп отырған. Халықтың арқасында мазар сапалы әрі жылдам тұрғызылды», – деп атап өтті Бақытжан Сәрсенбаев.

Танымал құрылысшы Абай Мұқанов мазардың сапасын жоғары бағалап, оны заманауи сәулет өнерінің үздік өрнегі ретінде атап өтті.

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні Амангелді ауданы Тасты ауылына жақын маңда Кейкі батырдың мазары ашылды. Оны тұрғызуға 70 миллион теңге жұмсалған.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық кәсіпкер ұшақ ішінен балалар кафесін ашпақшы (фото)

Биыл соңғы 100 жылдағы ең суық қыс болады

Қызылордалық келін дінге бет бұрған енесінің сәлем салғызбай қойғанына ұялып жүр

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Талқылау