Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық келін дінге бет бұрған енесінің сәлем салғызбай қойғанына ұялып жүр

Қызылордалық келін енесінің қандай да бір діни ұйымдардың  уағызына сеніп, отбасында басқаша тәртіп орната бастағанын айтты. Әрі ол өзгерістердің кесірінен келіні ағайындары мен көршілерінің, туыстарының алдында ұялып жүргенін айтты.

kelin23

Сурет:көрнекі.

Бұл оқиғаны «Stan.kz» сайтының редакциясына Қызылорда қаласының 26 жастағы Айман есімді тұрғыны айтып берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншек, соңғы уақытта енесінің қатты өзгеріп, жат қылық танытып жүргенін жеткізді.

«Менің енем өте жақсы кісі. Ешқашан мені ренжітіп, маған дауыс көтерген емес. Керісінше, білмегенімді үйретіп, күйеуімнің көңілінен шығу жодарын көрсетті. Алайда, соңғы уақытта енем қатты өзгерді. Келін болып түскелі  таңертең сәлем салып, басымды иетінмін. Қазір жарымның анасы сәлем салдыртпайтын болды. Сәлем салу «ширк» екен, күнәға батпайық. Сәлем салма деді. Үйге келген кісілерге де слем салмайтын болдым. Үлкен кісілерден қатты ыңғайсызданамын», – дейді Айман.

Айманның күйеуі бұл жағдайға қарсы екен. Келіншегіне енесінің тыйым салғанына қарамастан, сәлем салғанын талап ететінін айтыпты. Екі оттың арасында қалған ол қалай әрекет ететінін білмейді.

«Бұрын біз дастарханымызды үстелдің үстіне жаятынбыз. Қазір жерге жаятын болдық. Әрине, бұлай отырып, тамақ ішу ыңғайсыз. Алайда, енеміздің бұйрығы болған соң, қарсы шықпай отырмыз», – деді келіншек.

Жалпы, сәлем салу – қазақ дәстүрінде ертеден келе жатқан салт. Бұ туралы шариғатта да айтылған.  Бұл жөнінде Қызылорда облысына қарасты Діни басқарманың маманына пікір алып көрген еді.

«Сәлем – сөздің атасы деген. Жас келіннің сәлем салып, үлкеннің алдында ізеттілік танытқаны өте дұрыс. Шариғатта сәлем салу үлкен сауап болып табылады делінген. Сол себептен де бұл ұғымға оң қарағанымыз дұрыс», – дейді Қызылорда қалалың «Ыбрайым молда» мешітінің бас имамы Талғат Нұрман.

Оқи отырыңыз:

Тараздық “рентген әйел” атанған Динараның көзіндегі сәуледен ем алуға шетелдіктер қызығып жатыр (фото,видео)

Мирас пен Құралай: Қазіргі жастар дайын нәрсеге үйреніп алған

Рүстем Нұржігіт: Кеңес одағы кезінде ажырасу ұят болатын

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты

Талғат Жорабаев: Үндемей шыдап келген Алтынай жанартау болып атылды

 

Талқылау