Талғат Жорабаев: Үндемей шыдап келген Алтынай жанартау болып атылды

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек , 2017 12:46

Талғат Жорабаев отбасын тастап кететін ер азаматтар туралы сөз қозғап, әпкесі Алтынайдың соңғы уақытта көп қиналғанын айтып қалды. Мұның барлығына ол әпкесінің тұйық мінезін кінәлап отыр. Яғни отбасында болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтып отырса, көмек қолын созар едік дейді ол.

20905846_213403202524188_8770097023979356160_n

Сурет: Алтынай Жорабаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

“Әйел мен бала-шаға – бізге Алла тағаладан берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – екіжүзді адамның бет-бейнесі. Алла тағала “Бүкіл несібемді балаларыңа беремін” дейді. Кейбіреулер бала-шағамды тастап кету арқылы тамаша өмір сүремін деп ойлайды. Шын мәнінде, мұндай ер азаматтардың өмірі керісінше болып жатады. Соңында ешнәрсесіз қалады. Бала-шағаңа дұрыс қарамасаң, ертең оны Алла тағала алдыңнан шығарады”, – дейді ол.

Бір кездері Алтынай Жорабаева туған бауырына су жаңа көлік сыйлап қуантқан болатын. Енді міне үш бөлмелі пәтер алуға көмек қолын созған екен.

“Әрине, бұл жерде Алтынайдың қосқан үлесі көп. Тойымыздың ақшасын банкке салып, артынша сол банк арқылы үй алуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ, сол тойдың біраз қаражатын Алтынай көтеріп берген еді. Алтынай мен әкемнің арқасында, өзім тапқан табыстың арқасында армандаған пәтерімізге жеттік. Алтынай отбасымыздағы тұйық адам. Ішкі жан-дүниесіндегіні ақтарып айта бермейді. Бірақ, осы айтпауының салдарынан барлық оқиға болып жатыр. Ештеңкесін айтпай жүре берген төзіп. Бірақ, соңында жанартау да атылады ғой”, – дейді Талғат Жорабаев.


Жіберіп алмаңыз:

Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)

Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің хит әндерінің авторы шаңырақ көтерді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар