Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық “рентген әйел” атанған Динараның көзіндегі сәуледен ем алуға шетелдіктер қызығып жатыр

«Рентген әйел» атанып кеткен Динара Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, мұндай тылсым күшті арқалап жүруінің құпиясын ашты.

emshi1

Динараның емші болатынын ата-анасы жасөспірім кезінен-ақ біліпті. Ал бойжеткен кезде өзі медицина саласы бойынша білім алып, дәрігер болуды армандаған. Тек армандап қана қоймай оны жүзеге асыру мақсатында Университетке де түскен. Бұл туралы осыған дейінгі материалымызда толық жазған едік. Осы жерге кіріп қанық бола отырыңыз.

«Тек қана көзімдегі сәуленің күшімен  дертінен айығатындар бар. Мен адамдардың жазылып келе жатқанын да көремін. Егер ем қонбай жатса, нәтиже болмай жатса оны да жасырмай айтамын. Осы Бурныйдағы Қарашаш пен Жанарды тек көзімдегі сәулемен емдедім.

Кейде болады, көзімдегі сәуленің де шамасы келмей қалатын кездер. Ол кезде дәрі қолданамыз. Бір жағдайлар болады алыстан келгендер. Олар пәтер жалдап тұрады осы ем үшін. Бәріміз де бірінші дәрігерге сенеміз. Көп адамдар осылай уақыт жоғалтып алады. Сондай кісілердің тамырын ұстаған кезде бәрін білемін. Тамырының өзі «мені қайтаршы» деп сөйлеп тұрады.

Сондай оннан астам адам болды. Қазір барлығы да өз облыстарына, ауылдарына кеткен. Хабарласып алғыстарын айтып тұрады. «Әулием, құтқарушым» деп атайды. Мен өзімді соншалықты керемет санамаймын. Барлығы да Алланың қалауымен. Тек адамдар дертін асқындырып келмесе екен деп отырамын. Асқынған ауруды жазу өзіме де өте ауыр.

Әбден жетеріне – жетіп келген адамдардың арасынан да сауығып кеткендер болды. Бірақ өзім қиналамын ондай кісілерді емдеген кезде», - дейді емші Динара.

emshi

Емші Динараны қазір Қазақстан тұрмақ өзге елден іздеп келетіндер көп екен. Айтуларынша  дертінен айыққандар өзгелерге де Динараның көзіндегі сәулесі жайлы айтып,өзін мақтап жүретін көрінеді. Ал Динара Орынтайқызы өзіндегі ерекшелікті  Жаратушының берген қасиеті деп біліп, үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтады.

Маған емделуге біреудің айтуымен немесе мәжбірлеуімен сенбей келгендер болады. Мен көзімнің сәулесімен дертінің деңейін алда не күтіп тұрғанын айтып беремін. Емдеуге болатын болса араға бірнеше күн салып, “медициналық тексеруден өтіп келіңіз” деймін.

Міне сол кезде дәрігерлердің өзі таң қалған жағдайлар болып жатады. Мен мұны мақтану мақсатында емес, шын мәнінде Алла берген қасиеттің бар екенін көрсету үшін жасауға мәжбүрмін. Сондықтан алдыма келген науқасты қарамай қойған кезім жоқ.

Тек адам болғаннан кейін шаршайтын кездер де болады. Сол үшін жексенбі және жұма күндері демаламын. Қалған күндері таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін науқас қабылдаймын. Егер алыстан арқаланып, мені іздеп келген кісілер болса олардың да көңілін қимаймын, қарауға барынша ертерек ем жасауға асығамын”,-дейді рентген әйел атанған тараздық Динара ханым.

 

Талқылау